Спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші, Қазақстан төрешілері комиссиясының мүшесі Руслан Бибуев Бакуде өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде үздік төреші атанды.
«Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі 11-15 сәуір аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтті. Ерлер және әйелдер сынға түскен турнирге 9 елден 200 боксшы қатысқан.
«Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе, қатысушылар арасындағы жоғары бәсекелестікті және әділ төрелікті атап өтуге болады. Төрешілер алқасында біздің де отандасымыз, халықаралық санаттағы IBA төрешісі, ақтаулық Руслан Бибуев те болды.
Турнир қорытындысы бойынша ол үздік төреші деп танылды. Русланды айтулы жетістігімен құттықтаймыз. Бұл – Русланның ғана жетістігі емес, оның облыстық бокс федерациясының беделі мен мәртебесінің артуына қосқан үлесі», - дейді Маңғыстау бокс федерациясының өкілдері.