сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Көлік министрлігі: Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады

/
istockphoto.com

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз:

Air Astana

  • Алматы: + 7 (727) 244 44 77
  • Астана: + 7 (7172) 58 44 77
  • қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

Бөлісу: