Астанада білім басқармасына қарасты бөлімдердің бірінің жетекшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.
Тергеу нәтижесінде прокурорлар елордалық білім басқармасы бөлімінің басшысы өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, жеке пайда тапқанын анықтаған.
Аталған деректер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Агенттік оның бірнеше рет пара алғанын дәлелдеді.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.