сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Астаналық қыздардың биі Дженнифер Лопестің назарын аударды

/
Видеодан алынған скриншот

Қазақстанда өтетін алдағы концерті қарсаңында әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Instagram-сторисінде Астанада түсірілген видеомен бөлісті. Онда жас бишілер оның хит әндеріне билеп, әсерлі өнер көрсеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Жылдам танымал болған роликте Dream Way жобасының кәсіби би топтарының жас бишілері «Бәйтерек» монументінің аясында Джей Лоның хит әндеріне билеп, әсерлі қойылым көрсетеді. Видео алғашында бір Instagram парақшасында жарияланған, ал кейін Дженнифер Лопестің репостынан кейін оны миллиондаған адам көрді — қазіргі таңда қаралым саны 1,9 миллионға жуықтаған. Айта кетейік, әншінің 248 миллионнан астам жазылушысы бар.

«Джей Ло, Астана сені күтуде! Бишілер: Dream Way жобасының кәсіби тобы», — делінген видеодағы жазбада.

Dream Way студиясының өкілдері әлеуметтік желілерде өз әсерлерімен бөлісті:

«Біз өз өмірімізді сүріп, жай ғана би билеп жүрген едік, ал енді... студиямыздың видеосы 1,9 миллион қаралым жинады! Рахмет, J Lo!» — деп жазды бастамашылар.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанада жеке концерт өткізеді. Бұл — әлемдік деңгейдегі жұлдыздың Қазақстанға алғашқы сапары.

Бөлісу: