Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов түркиялық «Бешикташ» клубы сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Жуырда «Бешикташ» сапында үлкен өзгерістер болмақ деп болжануда. Клуб басшылығы ротация жүргізіп, бірден алты футболшыны командадан кетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, ол қатарда Чиро Иммобиле, Артур Масуаку, Алекс Окслейд-Чемберлен, Жоао Марио, Бактиер Зайнутдинов пен Онур Булут бар. Олардың орнына жаңа ойыншылармен келісімшарт жасалмақ.
Алты ойыншы алдағы жеті ойында бар өнерін ортаға салуға тиіс. Ол ойындарда жақсы қырынан танылғандарын жаңартылған командаға қоспақ, ал қалғандары транфсерге шығарылуы мүмкін.