Әйелдердің жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту туралы ұсыныс айтылды

/
Әйелдердің жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту туралы ұсыныс айтылды
сурет: istockphoto.com

Ресей Мемлекеттік Думасында әйелдердің жұмыс күнін бір сағатқа қысқартып, еңбекақысын сол күйінде қалдыру ұсынысы қаралып жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Единая Россия» партиясының депутаты Игорь Антропенконың айтуынша, мұндай қадам әйелдердің отбасына, жеке өміріне көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді. Оның пікірінше, қазіргі таңда әйелдер жұмысынан тыс уақытта балаларының тәрбиесімен, оларды қосымша сабақтар мен спорттық секцияларға апарумен айналысады.

– Соның салдарынан балалар шаршаған аналарын көреді. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақ үшін жақсы үлгі емес. Қыздар мұны көріп, болашақта бала сүйгісі келмейтінін айта бастайды, – деді Антропенко.

Депутаттың айтуынша, отбасындағы міндеттемелер әйелдерді кейде жұмыстан кетуге мәжбүр етеді. Ал егер әйелдің отбасы немесе баласы болмаса да, оған қосымша бір сағат қажет – ол уақытты жеке өмірін құруға жұмсауы мүмкін. Бастама әзірге тек талқыланып жатыр. 

Бөлісу: