2018 жылы екі ауданда халық санағы жүргізіледі

2018 жылы екі ауданда халық санағы жүргізіледі

2018 жылы екі ауданда халық санағы жүргізіледі
ашық дереккөзі
302
2018 жылы Қазақстанның екі ауданында халық санағы өтеді. Бұл туралы бүгін Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статиститка комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2020 жылы жаһандық халық санағы өтеді. Біз оған қазірден бастап дайындалудамыз. 2018 жылы Қазақстанның екі өңірінде, атап айтқанда Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ілкі халық санағын өткіземіз. Бұл ретте ол 2020 жылғы жаппай халық санағына дайындық болады. Ілкі халық санағы барысында біз өзіміздің әдіснамаларымызды, ақпарат жинау тәсілдерімізді шыңдап, қандай жерде қателік, кемшілік бар екендігін електен өткіземіз. Ал 2020 жылы негізгі халық санағын өткізу жоспарланған», - деді комитет басшысы. Оның атап өтуінше, халық санағы барысында заманауи технологиялар қолданылатын болады. «Халық санағының 30 пайызы интернет арқылы сауалнама түрінде жүргізіледі. Қалған 70 пайызы планшетке ақпарат жинау түрінде жүзеге асырылады», - деді Айдапкелов. Оның атап өтуінше, 2020 жылы өткен жалпы халық санағына қанша қаржы және қанша адам жұмылдырылатындығы әлі белгісіз. Ол осы күзде республикалық бюджетті нақтылау барысында белгілі болады. Еске сала кетейік, ведомствоаралық комиссия отырысында «Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қаралды. Тұжырымдамада заңның түсініктеме бөлімін кеңейту, атап айтқанда «бағаларды тіркеу», «халық санағы», «ауыл шаруашылығы санағы», «арнайы құрылған комиссия» ұғымдарын ашу, бұл ретте «ұлттық санақ» ұғымының қолданыстағы редакциясын өзгерту ұсынылған.    

Серіктес жаңалықтары