сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

«Өткізе салмадың ба?»: Мүгедек анасын асырап отырған жалғызбасты әке баспаналы болды

/
коллаж: turkystan.kz

«Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір ерекше отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.

2021 жылы әйелінен заңды түрде ажырасып, қазіргі таңда мүгедек қарт анасын асырап отырған жалғызбасты әке тосыннан баспаналы болды.

Жалғызбасты әкенің арманы анасын және балаларын асырап жеткізу екен. Баспаналы болған отбасы мүшелері көздеріне жас алып, қуаныштарын жасырмады.

«Сүйінші 1347ші баспана табысталды!Қарт анасын жалғыз қалдырмай, ұл-қыздарын өзі асырап отырған жалғыз басты әкенің қуанышына куә болыңыздар. Тағы бір отбасы баспаналы болды! Бұл – жай ғана үй емес, жаңа өмірдің бастауы!», - дейді қайырымдылық қорының парақшасында.

Бөлісу: