Үндістанның Махараштра штатында тағы бір қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жолбарыс 58 жастағы Бхумита Харидос Пендэмге тосыннан шабуыл жасап, мерт қылды.
Бұл туралы The Times of India басылымы жариялаған.
Әйел Чандрапур округіндегі Мохбоди орман алқабында ұзынжапырақты мадука гүлін теріп жүрген сәтінде жыртқыш аң оған аяқ астынан тап берген. Адамдардың мекеніне жақын жерде болғанына қарамастан, бейшара әйелге көмектесу мүмкін болмады – жолбарыс оны оқиға орнында паршалап тастаған.
Мохбоди орманы – агрессиясымен аты шыққан бенгал жолбарыстары мекендейтін Тадоба-Анкхари қорығының буферлік аймағына кіреді. Биыл бұл өңірде жолбарыс шабуылынан қаза тапқан адамдар саны 10-ға жеткен. Ал өткен жылы жыртқыш аңдардың құрбаны болғандар саны 29 адамды құрады.