Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

/
Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды
Ғаламтор

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дженифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері 11 сәуір күні сағат 11:00-де сатылымға шығатынын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Сұраныс жоғары болуына байланысты билеттерді сатып алып, қайта сататын делдалдардан қорғау үшін арнайы шаралар қабылданады. Сатып алушылар бастапқыда ваучер алады, ал билеттің QR-кодын концертке үш күн қалғанда жібереді.

Сондай-ақ бір адам төрт билет қана ала алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары