Астанада әнші Қарақат Әбілдина туған күнін айрықша атап өтті. Алайда бұл мерекелік кешке қатыса алмаған Айгүл Иманбаева әріптесінен кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Өмірімде орны ерекше, аса қадірлейтін жанды ренжітіп алғаныма қатты өкінемін. Бүгін арнайы келіп, кешірім сұрадым әрі туған күнімен құттықтадым. Қарақат – ешкімге ренжи алмайтын, жүрегі кең, ниеті таза, айналасына шуақ шашып жүретін жан», – деп жазды Айгүл.
Ол Қарақатқа арнап бір құшақ гүл әкеліп, шынайы көңілін білдірді. Өз кезегінде Қарақат та сезімін жасыра алмады:
«Сені күткенім рас. Көп ренжімесем де, көңілімнің қалғаны шындық. Бірақ саған ренжи де алмайды екенмін. Ықыласыңа рахмет, Айгөлек! Менің сүйікті гүлдерімді әкелгеніңе қуандым», – деп шынайы алғысын білдірді.