дүйсенбі, 14 сәуір, 2025

Алматыда 102 жастағы соғыс ардагері қайтыс болды

/
Алматы гарнизонының баспасөз қызметі

7 сәуір күні Ұлы Отан соғысының қатысушысы Татьяна Алексеенко дүниеден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Татьяна Ерофеевна 1923 жылдың 23 желтоқсанында Беларусь Республикасының Витебск облысының Уно ауылында дүниеге келген.

Соғыс жылдары Татьянаның 18 жасымен тұспа тұс келді, батыр қыз ерікті түрде партизан отрядына қосылып, медбике ретінде майданға аттанды. Онда жауынгерлердің өмірін құтқарып, ерлік пен отанға адалдығын көрсетті. Партизанмен бірге Кенигсбергке дейін жетіп, жеңісті сол жерде қарсы алды, кейінірек Шығыста, үшінші Белорусь фронты құрамында қызметін жалғастырды. Соғыс әрекеттері ол Иркутск қаласында болған кезде аяқталды.

Соғыстан кейін Киргизияда (қазіргі Қырғызстан) өмір сүрді, кейіннен Қазақстанға көшіп келіп, осында екі ұлын тәрбиеледі. Өкінішке орай, екі ұлы да өмірден озды. Әжейдің екі немересі мен бес шөбересі және бес шөпшегі қалды.

Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін ол Отан соғысы І және ІІ дәрежелі ордендерімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Соңғы сапарға шығару рәсімі Алматы қаласындағы Бостандық ауданы қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері, ҚР ҰҚК Шекара академиясының әскери оркестрі, 61993 әскери бөлімнің әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жерлеу рәсімі бүгін 9 сәуірде Алматының орталық зиратында өтті.

Бөлісу: