Астанада жеті жастағы қызды атасы зорлап, қылмыс орнынан ізін суытқан, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ақпаратты адвокат Азамат Сағал мәлімдеді.
«Жеті жастағы қызды өз атасы зорлаған. Күдікті қылмыс орнынан ізін суытқан. Қазіргі уақытта оны полиция іздеп жатыр. Істің мән-жайын толыққанды білмеймін. Достар балаларыңызды бөтен адаммен қалдырмаңыздар», – деді адвокат.
Астана қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
«Зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.