бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Бишімбаев пен экс-әйелі арасындағы дау: Адвокат мәлімдеме жасады

/
Turkystan.kz

Адвокат Ерлан Ғазымжанов сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен экс-әйелі Назым Қахарман арасындағы алимент дауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәлімдемені адвокат Ерлан Ғазымжановжариялады.

«Жақында Назым Қахарман БАҚ арқылы Қуандық Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден мүлде бас тартты деген мәнде ақпарат таратқан болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазды адвокат Instagram желісіндегі парақшасында .

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев алимент төлеуден бас тартпайды, өйткені ол «әр ата-ананың борышы».

«Ол тек тиісті табыс көзі болмауына байланысты алимент төлеу туралы келісімді бұзуға немесе өзгертуге ниетті. Заңда қаржылық жағдай өзгерген жағдайда бұған рұқсат етіледі.

Оның ата-анасына келер болсақ, біраз уақыт бойы олар өз еркімен расында да баласы үшін келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп келді.

Алайда Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевтың қарт ата-анасына бірнеше рет дөрекі түрде тіл тигізгені, балаларымен араласуына кедергі келтіргені, Бишімбаевтар отбасына қарсы қойғаны және психологиялық тренинг деген желеумен әлеуметтік желіде мезгіл-мезгіл қорқыту әрекеттерін ұйымдастырғаны үшін ата-анасы уақытша басқа көлемде көмек көрсету туралы шешім қабылдады, олардың ойынша, бұл балаларды асырау үшін жеткілікті.

Ата-анасының бұл ұстанымы алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзуға қатысты дау шешілгенге дейін күшінде болады», — деп жазды Ерлан Ғазымжанов.

Видеода ол Назым Қаһарманға алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы ресми ұсыныс жіберілгенін де айтты.

«10 сәуірге дейін ақпарат түседі деп ойлаймын. Егер Назым ұсынысымызды қабылдамаса, Қуандық Бишімбаев бұл алимент дауын сот арқылы шешуге мәжбүр болады», — деді адвокат.

 

Бөлісу: