Түркістан облысының полициясы даладан қызғалдақ терген келіншекті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Ордабасы ауданында болған.
Алдын-ала мәлімет бойынша оның тергені қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағы.
Түркістан облысының полициясы әйелді әлі іздестіріп жатқанын, оқиғаның мән-жайын хабарлайтынын жеткізді.
Айта кетейік, мұндай букет үшін 12 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.