Сәуірден бастап Астана–Алматы бағытындағы «Тальго» пойыздары Шу станциясына тоқтамай, тікелей қатынайды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Шу станциясы – теміржол желісіндегі тораптық маңызы бар нысан болып саналады және мұнда локомотив ауыстыру жұмысы талап етіледі. Аталған өзгеріс логистиканы оңтайландыруға, сондай-ақ, Астана мен Алматы арасындағы жол жүру уақытын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар Шу станциясында жолаушылар легінің төмендігі де ескерілген.
Шу станциясында отырғысы немесе түскісі келген жолаушылар үшін балама бағыттар қарастырылған.
Бұл бағыттарда стандартты вагондардан құралған әлеуметтік маңызы бар пойыздар, сондай-ақ, төмендегі «Тальго» құрамдары қатынайды:
Астана мен Шу арасындағы пойыздар:
- № 72/71 «Астана – Шымкент»
- № 86/85 «Астана – Шымкент»
- Шу мен Алматы арасындағы пойыздар:
- № 1/2 «Ташкент – Алматы»
- № 11/12 «Шымкент – Алматы»
- № 25/26 «Шымкент – Алматы»
- № 27/28 «Орал – Алматы»
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы жолаушылардан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.