Алматы облысына қарасты Қаскелең аудандық сотының аумағынан 1995 жылы туған тергеу-қамауға алынған күдікті қашып кетті. Ол ҚР 120-бабы, 2-бөлігі Адама зорлады деген күдікке ілінген.
Желіде Алматы облысындағы автожолдарда полиция қызметкерлерінің тексеріс жүргізіп жатқан бейнежазбалары тарады.
Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
«Тергеу үстіндегі М есімді азаматтың қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды. Азаматтардан сабыр сақтап, іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы мәлімет білсе, дереу 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз», – деді Алматы облысының Полиция департаменті.