сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қазақстанда банк картасын шығаруға шектеу енгізіледі

/
Ашық дереккөзден

Қазақстанда банк карталарын шығару тәртібіне жаңа өзгерістер енгізіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа қаулы жобасын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Құжатқа сәйкес, 18-21 жас аралығындағы азаматтар енді картаны онлайн арқылы шығара алмайды немесе қайта шығаруға мүмкіндік жоқ. Олар жаңа карта алу үшін банк бөлімшесіне баруы тиіс.

Сонымен қатар, банктер бес немесе одан да көп карта иелерін, сондай-ақ 14-25 жас аралығындағы ресми табысы жоқ азаматтарды қадағалауға міндетті. Бұл категориядағы адамдар туыстарынан басқа тұлғалардан үлкен сомада ақша алса немесе жиі үшінші тұлғалардың атына аударымдар жасаса, банктер мұны назарда ұстайды.

Бөлісу: