Чемпион ағылшын тілін үйрену оңайға соқпай жатқанын мойындады, бірақ бар күшін салып жатқанын айтты
Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов Лондонда немен айналысып жүргенін айтты.
Лондонда ауызашар кезінде спортшы журналист Ғалымжан Қараманұлымен кездескен. Әңгіме барысында Елдос Сметов Ұлыбританияға ағылшын тілін үйрену үшін келгенін жеткізді.
Чемпион ағылшын тілін үйрену оңайға соқпай жатқанын мойындады, бірақ бар күшін салып жатқанын айтты.
“Ағылшын тілінде еркін сөйлеу – менің басты мақсатым. Сол үшін осындамын. Барынша күш салып жатырмыз, бірақ бұл өте қиын. Дегенмен тырысып бағудамыз”, – деді спортшы.
Бұған дейін Елдос Сметовтің ағылшын тілін үйрену үшін Қазақстаннан кеткені белгілі болған еді. Танымал дзюдошы Лондонға аттанған, ал оның сапарын қаржыландыруға федерация қолдау көрсетуде.