288
Ақын Евгений Евтушенко 85 жасында дүние салды
Ақын Евгений Евтушенко 85 жасында дүние салды
Әлемге танымал ақын Евгений Евтушенко дүниеден озды. Ол АҚШ-тағы клиникалардың біріне ауыр жағдайда жеткізілген еді. 2015 жылы Евтушенконың жүрегіне операция жасалып, кардиостимулятор орнатқан. Ал 2013 жылы ақынның аяғына ампутация жасалған.
Евтушенко – 150-ден астам кітаптың авторы, шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Ол ақын, прозаик, режиссер, сценарист, публицист және әртіс ретінде танылды. 1963 жылы Евтушенко әдебиеттен Нобель сыйлығына ұсынылды.
1991 жылы ақын отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп, Талса қаласындағы университетте сабақ берді. Бірақ Ресейге жиі келіп тұрды.
ТАСС мәліметі бойынша, Евтушенко Мәскеу облысындағы Переделкино жазушылар елді-мекенінде Борис Пастернактың қасына жерлеуін сұраған.