дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты

/
olympic.kz
Азия чемпионаты Иорданияның Амман қаласында өтіп жатыр.

Мазмұны

    Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен жартылай финалда жеңіске жетті, деп жазады turkystan.kz.

    Жартылай финалда Жәмилә жапониялық Масако Фуруичиден басым түсті. Бақбергенова қарсыласынан бір ұпайға қалып келе жатқан еді. Алайда белдесудің аяқталуына бір секунд қалғанда нәтижелі әдіс жасап, есепті теңестірді.

    Басымдық Жәмиләнің жағында болғандықтан, ол финалға өтті. Қарсылас команда "челлендж" сұратқанымен, төрешілер Жәмиләнің әдісін есепке алды.

    Ол енді 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

    Финалдық кезең Астана уақытымен 20:00-де басталады.

    Бөлісу: