Мазмұны
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.
Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.
Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.
Бостондағы әлем чемпионатында 2026 жылғы Олимпиада ойындарына квоталар сарапқа салынуда. Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алды. Италиядағы Олимпиадаға жолдамалар әр елдің спортшыларының нәтижелері бойынша бөлінеді.
20 жастағы Шайдоров үшін бұл мансабындағы төртінші әлем чемпионаты. Бұған дейінгі алматылық спортшының үздік нәтижесі – 14-орын. Дегенмен, ол 2022 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.
Осы маусымда Шайдоров беделді Төрт құрлық турнирінде жеңіске жетіп, 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленгенін де айта кетейік.