ҰБТ-да 140 балл жинаған түлектің аты-жөні анықталды

/
ҰБТ-да 140 балл жинаған түлектің аты-жөні анықталды
сурет ашық дереккөзден алынды
Ең жоғары балл алған оқушының есімі - Санжар Қуандық.

Қазақстандық оқушылар үшін ең маңызды сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) тағы бір түлек 140 балл иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Наурыз айындағы ҰБТ-да Қуандық Санжар Ғалымжанұлы (пән комбинациясы – қазақ тілі мен әдебиеті) ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл – оқушының табандылығы мен үздіксіз дайындығының айқын дәлелі.  

Айта кетейік, Санжар бұған дейін де тесттен 140 балл жинаған. Ол бұл жолы да жоғары көрсеткішті қайталап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары