сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

12 жастағы қыз балаға зорлық көрсеткен жігітке үкім шықты

/
pixabay.com
Сотталған жігіттің жасы 17-де.

Павлодар облысында 12 жастағы туысқан қарындасын зорлаған жігітке үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданында 12 жастағы қыз бала босанған.

Қыздың ата-анасы бұл ауданға көшіп келген. Әкесінің алты кластық білімі бар, ал анасы хат танымайды.

Олар туысқанының үйінде тұрған. Сол туыстарының 17 жастағы ұлы 12 жастағы қызға зорлық көрсеткен.

Жасөспірім жүкті болып қалған.

Сот жігіттің кәмелеттік жасқа толмағанын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Бөлісу: