Қасында болған қыз зардап шеккен.
Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек жол апатына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жасыбай – Баянауыл автожолында Lada автокөлігін тізгіндеген жасөспірім Баянауылға бара жатып, көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен ауруханаға жеткізілді», - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.
Жас жүргізуші ата-анасына табысталды.