сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Ресей Қазақстаннан бидай экспорттауға тыйым салды

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл тыйым астықты Ресейдің Новороссийск және Новый Порт станциялары арқылы транзиттік тасымалдауға қатысты емес.

Ресей Қазақстаннан бидай, зығыр тұқымы және жасымық экспорттауға уақытша тыйым салды. Бұл шектеу транзиттік тасымалдарға қатысты емес, деп хабарлады turkystan.kz.

"ҚТЖ" Қазақстаннан Ресейге кейбір жүктерді тасымалдауға уақытша шектеу енгізгенін хабарлады.

Шектеу бидайға, жасымыққа және майлы зығыр тұқымына қатысты. Ол Қазақстан станцияларынан "РЖД" ААҚ-ның барлық станцияларына жөнелтілетін жүктерге қолданылады", – делінген хабарламада.

Бұл тыйым астықты Ресейдің Новороссийск және Новый Порт станциялары арқылы транзиттік тасымалдауға қатысты емес. Алайда, ол үшін астықтың соңғы межелі еліне арналған фитосанитарлық сертификаттар рәсімделіп, астық вагондардан тікелей "Новороссий теңіз сауда порты" және "Санкт-Петербург теңіз порты" терминалдарындағы кемелердің трюмдеріне ауыстырылуы тиіс.

Бөлісу: