сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Мейрамбек Бесбаев отандық кино туынды жайлы ойын айтты

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Ол кинотеатрдағы сеанстан алған әсерін бөлісті.

Әнші қазақстандық жаңа кинотуындыға оң баға берді, деп жазды turkystan.kz.

«Жақында досым, Ақберен Елгезектің кітабының желісі бойынша түсірілген “Болмаған балалық шақ” фильмін көріп қайттым. Кино сөзсіз ұнады. Жалпы, туындының экранға шығуына атсалысқан, түсірілім жұмыстарына қол ұшын созған, болысқан, күн-түн демей ерен еңбек еткен бүкіл шығармашылық ұжымға алғыс айтамын, жарайсыздар! Әлі де прокат аяқталмай тұрғанда дереу киноға барып, “Болмаған балалық шақты” көріп үлгеріңіз. Әсіресе, өз балаларыңызды да бірге ертіп барыңыздар», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Еске салайық, бұған дейін «Бозторғай» әні 36 жылдан кейін елмен қайта қауышқаны туралы жазған едік.

Бөлісу: