205
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит ашу үшін жарнаны алып тастадыы
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит ашу үшін жарнаны алып тастадыы
Ерболат Досаевтың төрағалық етуімен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті.
Директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді. Бұл өзгертулер 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енеді, деп жазады банктің баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, бұрын аталмыш қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі - шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының 0,55%-ын құраған еді. Сондай-ақ, Директорлар кеңесі Банктің 2016 жылға арналған қаржы есептілігін алдын-ала бекітті, және отырыс барысында 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банк Басқармасы қызметінің есебі, 2016 жылға арналған 2014-2023 жылдардағы Банктің ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру бойынша 2014-2016 жж. арналған шаралар жоспарын орындау туралы есептері бекітілді. Сонымен бірге, банктің ұйымдастыру құрылымы мен кадрлық өзгертулерге қатысты мәселелер де қарастырылды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ –ның еншілес компаниясы болып табылады.