Мазмұны
Қостанай облысында қолайсыз ауа райына байланысты 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазіргі уақытта Октябрь кенті мен Әулиекөл арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан фуралар, Камаздар, Газельдер мен автобустарды қоса алғанда 174 ауыр жүк көлігі тұрып қалған.
Мәселен, полиция қызметкерлері Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобусты тоқтатты. Салонда 4 бала, 5 әйел және 42 ер адам болды. Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы қауіпті болып, жолаушылар жергілікті мектептің жылыту пунктіне орналастырылып, оларды сусынмен, тамақпен және түнейтін орынмен қамтамасыз етті.
Блокпосттардағы жол қауіпсіздігін патрульдік полицейлер, ТЖД, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері және жергілікті билік қамтамасыз етуде.