сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қазақстанда қатерлі ісіктің бетін қайтаратын дәрі сатылымға шығады

/
Сурет: istockphoto.com
Дәріні зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі басталды.

Қатерлі ісікке қарсы қазақстандық дәрі биылғы жылдың соңында нарыққа шығуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саят Нұрбек жаңа қазақстандық ракқа қарсы дәріні зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі басталғанын хабарлады.

Клиникалық сынақтарға қатысқан пациенттерде жақсы нәтижелер байқалған: ісіктердің көлемі орташа есеппен 30%-ға қысқарды, ал кейбір жағдайларда ремиссия басталған.

«Барлығы жоспар бойынша жүрсе, осы жылдың соңына дейін дәріні тіркеп, нарыққа шығаруды бастаймыз», — деді министр.

Бөлісу: