Түркістанда дәрілік препараттарды заңсыз сату фактісі анықталды

Полицейлер дәріхана сатушысының жергілікті тұрғынға рецептсіз инъекцияға арналған 18 дана "Димедрол" сатқанын анықтады.

Түркістанда дәрілік препараттарды заңсыз сату фактісі анықталды
Polisia.kz
164

Полиция Түркістандағы дәріханалардың бірінде дәрілік препараттарды заңсыз сату фактісін тоқтатты.

Полицейлер дәріхана сатушысының жергілікті тұрғынға рецептсіз инъекцияға арналған 18 дана "Димедрол" сатқанын анықтады. Бұл факт дәрілік заттардың айналымын реттейтін заңнаманы бұзғанын дәлелдейді.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін денсаулық сақтау басқармасына жолданатын болады.

Айта кету керек, "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің мақсаты — есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және дәріханалық нашақорлықтың таралуын болдырмау.

Серіктес жаңалықтары