Бала ауруханаға жеткізілді.
Бөлекпаев көшесінде орналасқан үйдің ауласында он жастағы бала пандустан тюбингпен сырғанап жүріп, автокөліктің астына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 10 наурыз күні кешкі бестер шамасында болған. Баланы жүріп келе жатқан Mitsubishi көлігі қағып кеткен.
«10 жастағы бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Баланы қағу фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді Астана Полиция департаменті.
Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы балада сыртқы жарақаттар болғанын жеткізді.
«Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Толықтай тексеріс жүргізілді. Травматологтың қадағалауымен амбулаторлық ем тағайындалды», - деді Денсаулық сақтау басқармасы.