Балауса соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, үндістандық Сушила Виратты нокаутпен жеңген
5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Балауса Мұздыман (6-0, 5 КО) рингке шығады. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Розалинда Родригес (14-0, 3 КО).
1bol.kz мәліметінше, Балауса соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, үндістандық Сушила Виратты (6-2, 4 КО) нокаутпен жеңген. Ал Розалинда Родригес былтыр қазан айында соңғы рет шаршы алаңға шығып, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, аса жеңіл салмақта WBC International титулын иеленген.
Айта кетейік, бұл кештің басты жекпе-жегі – орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен француз Анауэль Нгамиссенің кездесуі болмақ.