Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады
Абай облысында жоғалып кеткен 57 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Аягөз ауданының тұрғыны Нарын ауылдық округінен «Халел» шаруа қожалығы бағытында атпен жолға шығып, Шынқожа ауылына қарай бет алған. Алайда ол белгіленген жерге жетпей, байланысқа шықпай қалған.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Нәтижесінде ер адам «Халел» шаруа қожалығынан 10 шақырым қашықтықтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмағаны хабарланды.