бейсенбі, 3 сәуір, 2025

Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанды

/
Туризм және спорт министрлігі
Хамитов 19:38.0 уақыт көрсетіп, ең үздік нәтиже тіркеді

8 наурызда Швецияда өткен пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Ербол Хамитов жеңіске жетті.

7,5 км қашықтықтағы спринтерлік жарыста (отырып жарысу санаты) Хамитов 19:38.0 уақыт көрсетіп, ең үздік нәтиже тіркеді.

Күміс медальді украиналық Павло Бал иеленді, оның көрсеткіші – 19:55.1. Ал қола жүлде тағы бір украиналық спортшы Александр Алексикқа бұйырды, ол жарысты 20:00.9 уақытта аяқтады.

Бұл жарыста тағы бір қазақстандық спортшы Сергей Усольцев өнер көрсетіп, 22:31.1 нәтижесімен тоғызыншы орын алды. Сонымен қатар, 7,5 км қашықтықтағы спринтерлік жарыста (тұрып жарысу санаты) Қазақстан өкілі Александр Герлиц 18:46.83 уақыт көрсетіп, бесінші орынға тұрақтады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 ақпан 2025 жылы Словенияда өткен пара биатлоннан әлем чемпионатында Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықтағы жекелей жарыста жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған. Ол 35:29.01 уақыт көрсетіп, қарсыластарынан басым түскен.

Бөлісу: