Дмитрий Патанин әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Патанин қоссырықтағы жарыста 13,400 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады

Дмитрий Патанин әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды
Алексей Пак
223

Қазақстандық гимнасшы Дмитрий Патанин Бакуде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Патанин қоссырықтағы жарыста 13,400 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді жапониялық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алса, үшінші орын хорватиялық Петар Вефичке (13,033 ұпай) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Милад Карими еркін жаттығуларда күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Серіктес жаңалықтары