238
Шетел ғалымдары «Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбындағы конференцияға қатысады
Шетел ғалымдары «Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбындағы конференцияға қатысады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Атырау облысының әкімдігі «Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді. 40-тан аса отандық және шетел ғалымдары ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша шаралар мен ғылыми зерттеулердің қорытындысын талқылайды.
Конференция қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аударға бағытталған.
Бүгінгі таңда табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың әсерінен Сарайшық қалашығының жағдайы министрліктің, әкімдіктің, қоғам мен ғалымдардың алаңдаушылығын туғызуда.
Ғылыми конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаттары, тарих ғылымдарының докторлары, белгілі археологтар З.Самашев, К.Байпақов, Ж.Таймағамбетов, Б. Көмеков, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғ.Есім, А. Бақтыгереева, М. Құлкенов, Қ.Жылқышиев тәрізді қоғам және мәдениет қайраткерлері, жақын және алыс шетел ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысады.
Сонымен қатар, конференция аясында Сарайшық қалашығы тарихына арналған көрме ұйымдастырылады. Көрмеге ежелгі қалаға қатысты көптеген құнды археологиялық бұйымдар, картиналар және т.б. заттар қойылады.