сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек жағымды жаңалығын бөлісті

/
Instagram

Пара дзюдодан Париж-2024 XVII жазғы паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе берілді.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жаңа кимоносының суретін көрсетті.

Енді Ақмарал Науатбек алдағы 4 жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимоно киіп күреседі. 

Айта кетейік, пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж паралимпиадасынан алтын медаль алып, пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған.

Бөлісу: