Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокуратурасының қызметкерлері орман қоры аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында заңды құжатсыз ағаш кескен азаматты анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша азамат ағаш кесу арқылы 440 013 теңге зиян келтіргені анықталды. Іс материалдары сотқа жолданған.
Сот азаматты ҚК-нің 340-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге ағаш кесу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 738 400 теңге көлемінде айыппұл салды.
Бензин арасы мен трактор қылмыс құралы ретінде танылып, мемлекет пайдасына тәркіленді.
Сондай-ақ, биыл тағы екі азамат ағаштарды заңсыз кескені үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге ағаш кесу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 923 000 теңге және 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. 2 дана бензин арасы мемлекет пайдасына тәркіленді.
«Заң және Тәртіп» қағидасына сәйкес орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінші басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.