сенбі, 5 сәуір, 2025

Қазақстандық шахматшы халықаралық турнирде қола жүлде алды

/
Шахмат федерациясы
20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинады.

Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде ел қоржынына қола медаль сыйлады.

 20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинады. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға ие болды.

Соңғы турда жеребе тартылып, қазақстандық екі гроссмейстер – 24 жасар Әлішер Сүлейменов (2481) пен 20 жастағы Қазыбек Нөгербек (2514) бақ сынасты. Қара фигуралармен ойнаған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы 2024 жылдың әлем чемпионы қарсыласынан басым түсіп, 3-орынға көтерілді. 

Жарысқа қатысқан Қазақстанның басқа шахматшыларының нәтижесі төмендегідей: 

Әлішер Сүлейменов – 6 ұпай, 16-шы орын;

11 жасар Аланна Берікқызы (2015) – 4 ұпай, 86-шы орын;

12 жасар Тимур Душатов (2102) – 4 ұпай, 93-ші орын.

Бөлісу: