сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіретін цех анықталды

/
Polisia.kz
Тінту барысында алкоголь өнімдерін өндіруге және құюға арналған жабдық, сондай-ақ көлемі 0,5 литр болатын 2 180 бөтелке арақ тәркіленді.

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіретін цех анықталып, 8 млн теңге болатын 6 мың бөтелке тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының назарын ауданға шыны ыдыстардың үлкен партиясын әкелген жүк тасымалдау қызметін көрсетіп жүрген кәсіпкер аудартты.

«Өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде аудан орталығының шағын аудандарының бірінің аумағында контрафактілік өнімі бар цех табылды. Тінту барысында алкоголь өнімдерін өндіруге және құюға арналған жабдық, сондай-ақ көлемі 0,5 литр болатын 2 180 бөтелке арақ тәркіленді.

Сонымен қатар заңсыз өнімді жөнелту нүктесі анықталып, жойылды. Осы орынға жеткізілген Газель көлігінде 3 мың бөтелке алкоголь мен  спирттік өнім болуы мүмкін 5 литрлік сұйықтығы бар 16 канистр табылды.

Алдын ала бағалаулар бойынша бір бөтелкенің құны шамамен 1 200 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу: