бейсенбі, 3 сәуір, 2025

Эдуард Ким әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

/
olympic.kz
Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинады

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Париж қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.

Бөлісу: