Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, жеке рекордын жаңартты

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды
olympic.kz
250

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, жеке рекордын жаңартты.

Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада өткен Әлем кубогі кезеңінде топ жарған еді.

Серіктес жаңалықтары