«Декретке миллионмен» шыққан келіншектерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оларға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалған.

«Декретке миллионмен» шыққан келіншектерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
freepik.com
Автор
Админ
222

Бала күтіміне байланысты көбірек төлем алғысы келген 113 келіншекке қатысты 16 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды turkystan.kz

Олар мемлекетке 158,4 млн теңге залал келтірген. Бұл туралы бүгін Tңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

«2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,4 млн адамға 958 млрд теңге сомасына төлем жасалды. Қазақстанда тек бір ғана әлеуметтік төлемнің максималды мөлшеріне шектеу жоқ – бұл жүктілік және босануға қатысты төлемдер. Сондықтан жекелеген азаматтар жасанды түрде көп төлем алу үшін заңнамадағы олқылықтарды іздейді. Ал, бұл осы жүйеге адал қатысып отырған адамдардың әлеуметтік аударымдарын қайта бөлуде әділетсіздікке әкеп соқтырады», - деді министр.

Қазір министрлік осы бағыттағы заңға бірқатар өзгерістер енгізбек.

Серіктес жаңалықтары