195
Боксшы Махмұд Сабырхан уланып қалды
Бұл туралы Бокс федерациясы мәлімдеді.

Әуесқой боксшы Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турниріне қатыспайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтын болды. Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 ақпан – 2 наурыз аралағында Болгарияда «Странджа» халықаралық турнирі өтеді.