Странджа турнирі: Бүгін шаршы алаңда 15 боксшы бақ сынайды
8 келі салмақта екі бірдей боксшымыз сынға түседі. Олар – Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов.

Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогының» төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға 15 боксшы шығып, ширек финал және жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады.
Нақтырақ айтсақ, 48 келі салмақта екі бірдей боксшымыз сынға түседі. Олар – Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов.
Санжар Ирландия боксшысы Руни Луиспен жұдырықтасса, Теміртас Әзербайжан өкілі Субхан Мамедовпен сынға түседі.
51 келі салмақта Даниял Сәбит грузиялық Давит Жапаридземен қолғап түйістірсе, 54 келі салмақта Тимур Қабдешов қытайлық Синь Минь Мамен кім мықтыны анықтайды.
57 келі салмақта Оразбек Асылқұлов Уэльс боксшысы Оуейн Харрис Алленге қарсы шаршы алаңға шығады.
60 келі салмақта екі бірдей боксшымыз сынға түседі. Талғат Сырымбетов Болгария боксшысы Тинко Банабаковпен, ал Серік Теміржанов ирландиялық боксшы Рис Оуэнспен қолғап түйістіреді.
63,5 келі салмақта да қос боксшымыз бақ сынайды. Атап айтсақ, Ертуған Зейнуллинов пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы Ирландия боксшыларына қарсы жекпе-жекке шығады. Біріншісінің қарсыласы Руслан Рустамов есімді боксшы болса, екіншісі — Джейсон Невин.
67 келі салмақта Төрехан Сабырхан Грузия боксшысы Лаша Гагнидземен қолғап түйістірсе, 71 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов Олексий Шыряевқа (бейтарап) қарсы сынға түседі.
75 келіде Сабыржан Аққалықов Италия боксшысы Ремо Салватимен Тимур Нұрсейітов Әзербайжан өкілі Расим Чобанлимен шеберлік байқасады.
80 келі салмақта Азамат Бектас Аустрия боксшысы Лаки Аймуфуаға, ал Ерасыл Жакпеков Ирландия боксшысы Джеймс Уиланмен кім мықтыны анықтайды.
Жарыс екі сессиядан тұрады. Күндізгі сессия Астана уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 20:30-ға жоспарланған.