6 жыл жасырынып жүрген кісі өлтіруші Қырғыз елінде ұсталды

Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.

6 жыл жасырынып жүрген кісі өлтіруші Қырғыз елінде ұсталды
Polisia.kz
110

ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды.

Полицияның мәліметінше, ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.

 Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары