Кәсіпқой күрес лигасы: Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін жеңді

/
Кәсіпқой күрес лигасы: Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін жеңді
Сурет: https://prosports.kz
Кездесу Алматыда өткен.

Қазақстандық грек-рим балуаны Азамат Дәулетбеков Алматыда өтіп жатқан PWL 8 (Кәсіпқой күрес лигасы) турнирінде бақ сынады, деп хабарлады turkystan.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Дәулетбеков беларусь палуаны Магомедхабиб Кадимагомедовтен басым түсті. 

Қазақстандық үш дүркін Азия чемпионы (2022, 2023, 2024) және 2023 жылы Белградта (Сербия) өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Кадимагомедов 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары