145
Ақтөбеде 34 кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан
Олардың үшеуі ойын-сауық мекемелерінің, төртеуі алкомаркеттің, 27-сі дүкеннің иелері.

Ақтөбеде учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың үшеуі ойын-сауық мекемелерінің, төртеуі алкомаркеттің, 27-сі дүкеннің иелері.
Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың 31 фактісі (ҚР ӘҚБтК -нін 200-бабы) анықталды. Мысалы, қаладағы түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған тұлғаға сыра сатқаны үшін иесіне айыппұл салынды.
Сондай-ақ полицейлер алкогольді тиісті рұқсатсыз немесе лицензиясыз сатудың 12 фактісінің (ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы) жолын кесті.
Аталған әкімшілік материалдар бойынша 1300-ден астам бөтелке (арақ, сыра, шарап және т.б.) тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.