89
Астана тұрғыны колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болды
Оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту берілуі мүмкін.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың қолдануға тыйым салынған заттарын өткізбек болған ер адамды анықтады.
Сотталған Т-ға., әкелген сәлемдемені тексеру барысында, палау салынған ыдысқа айлалы тәсілмен жасырылған телефон табылып, сондай-ақ спиртпен толтырылған 4 апельсин жемісін мекеме аумағына кіргізуге жол берілмей, тәркіленді, – делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша режим бөлімінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалды шешім қабылдау жөнінде материал сотқа жолданды. Жеткізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту берілуі мүмкін.